Үшқоңыр медресе колледжі

Үшқоңыр

Медресе колледжі

Колледж жайлы

Үшқоңыр  медресе  колледжі  2015  жылы  құрылған. Колледж   «Исламтану»  мамандығы  бойынша  мемлекеттік  лицензияға  сәйкес (№KZ51LAA00010535,  20.12. 2017 жыл)  техникалық  және кәсіптік білім  беру  саласында  қызметін  жүзеге  асырады.

Ресми сайты: u-mk.edu.kz

Үшқоңыр медресе колледжі

Колледждің басты мақсаты: исламтанушылар, білімді имамдар дайындау, болашақ дін қызметкерлеріне практикалық мәселелерді білікті түрде шешуге, мұсылман шариғатының қағидаларын түсіндіруге, діни жора-жоралғылардың дәстүрлі ханафи мазһабына сәйкестілігін, шынайы Исламның қағидаларына қайшы келетін жат сенімдердің белгілерін анықтауға, қоғамның рухани әлеуетінің жоғарылауына және адамгершілік мінез-құлықты бекітуге, қоғамдағы үйлесімді және жеткілікті дәрежеде білім алған тұлғалардың дамуына қажетті негіз қалауға мүмкіндік беретін білім және біліктілік кешенін меңгеруге жағдай тудыру.

Колледжде  білім беру  қазақ  тілінде  жүргізіледі. Оқу нысаны: күндізгі,сырттай. Қабылдау негізгі (9 сынып)  және жалпы орта (11сынып) білім  базасында жүргізіледі. 0112000 Мамандық: Исламтану Біліктілік: «0112013–Имам-хатиб» «0112023–Исламтану пәнінің мұғалімі»