Үшқоңыр медресе колледжі
Үшқоңыр медресе колледж Кітапханасы


Үшқоңыр медресе колледжінің кітапханасы оқулықтар және электрондық кітаптар жинақталған

ОҚУ ЗАЛЫ

Оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған орын болып табылады. Заман талабына сай, оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету. 

Абонементтік бөлім

Нарықтық заман талабына сай кітапхана


Колледж кітапханасы құрамына оқу залдары, абонементтік бөлім, электрондық кітапхана, жатақхана кітапханасы және арнайы қор кіреді. Колледж кітапханасы бүгінгі таңда колледждің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу – тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім орталығы болып саналады. Бүгінгі нарықтық заман талабына сай біздің кітапхана да өз қадірінше оқырман қауымға қызмет жасап келеді.


Электронды кітапхана

Кез келген жерде қасыңнан табылатын кітапхана


Колледж кітапханасының кітапхана қорын араб және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, ақпарат тасмалдаушы көздер, компакт дискілер, электронды оқулықтар құрайды. Сонымен қатар кітапхана қоры «Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы», «М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Әлемнің алдынғы қатарлы 100 жаңа оқулығы, «Ұлттық аударма» бюросынан шығарылған оқулықтармен, Колледж ұстаздардың еңбектерімен толықтырылуда.


КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

Кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады.

Ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын оқырмандарға әлемдік, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, оларды қолжетімді ету жолында жұмыс жасау негізгі міндеттердің бірі.


  1. Оқырмандарды колледж профиліне сәйкес сұраныстарына қарай оқулық, оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектермен, мерзімді басылымдармен, электронды кітаптармен қамтамасыз ету;

  2. Кітапхана қорын колледждің профиліне және оқырмандардың сұраныстарына сәйкес жинақтау;

  3. Ақпараттық мәдениет және оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу. Жаңа ақпараттық режимде жұмыс істеу бағдарламаларымен таныстыру;

  4. Әртүрлі анықтама, кітап тізімдерін, библиографиялық көрсеткіштер жасау, көрмелер және көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру;