ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МҮФТИЛЕРІ БАС МЕШІТКЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

Бүгін, қасиетті жұма күні Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасына келген бауырлас елдер делегациясы ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітке арнайы зиярат жасады.

Мүфтилер бастаған қонақтарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі құрметпен күтіп алды. Қадірменді меймандарға зәулім мешітті бірге аралап, құлшылық ордасының бүгін тынысын таныстырып өтті. Бауырлас елдердің мүфтилері мешіт құрылысына тәнті болып, таңданысын жасырмады.

Айта кетейік, Бас мешітті көруге Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, Кавказ мұсылмандары басқармасының Қазиы, Баку қалалық «Жұма» мешітінің бас имамы Жейхун Рустамов, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов арнайы келген болатын.

Оқуға ұсынылады

Халықаралық және республикалық әріптестік
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2024: БАС МҮФТИ 59 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
Халықаралық және республикалық әріптестік
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Халықаралық және республикалық әріптестік
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ