2024-09-25
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде Мысыр мүфтиі Назир Аядпен кездесті.
Алдымен ҚМДБ Төрағасы Мысыр мүфтиін жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына береке тіледі. Кездесуде ортақ пәтуаларды бірге қабылдау, қазіргі таңда мұсылман үмбетін алаңдатқан күрделі сауалдарды бірге шешу жолдары сөз болды. Бас мүфти Қазақстан және Мысыр арасында екіжақты әріптестік һәм бауырластық байланыс, соның ішінде діни ынтымақтастық басты орында екенін атап өтті.
Кездесу соңында қос елдің мүфтилері қалыптасқан достық байланысты нығайтып, игі бастамаларды қолдайтынын білдірді.
Оқуға ұсынылады
Халықаралық және республикалық әріптестік
ТҮРКІ ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫ БІШКЕКТЕ ПӘТУА МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Халықаралық және республикалық әріптестік
БАС МҮФТИ КОНЬЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Халықаралық және республикалық әріптестік
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ӘЛИ ЕРБАШПЕН КЕЗДЕСТІ