
2024-10-28
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бірлік пен береке, қуаныш пен мереке тілеймін!
Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл уақытта өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.
Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Алаш жұртының алға қойған мақсаты орындалғай. Әмин!
Оқуға ұсынылады
Жаңалықтар
«МҰНАРА» ГАЗЕТІ ТЕННИС ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ
Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР АМАН-ЕСЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ