Атырау: Бас имам Нұр-Мүбарак студенттерімен кездесті

Атырау облысының дін саласындағы мамандары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетіне арнайы барды. Мақсат – Атырау облысын діни кадрлармен қамтамасыз ету.

Атырау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев пен бас имам Алтынбек Ұтысханұлы, «Шапағат», «Жәрдем – Атырау» қорының өкілдері оқу орнының ректорымен кездесті. Және жақында ғана аталған университетке проректор болып тағайындалған Ершат Ағыбайұлымен арнайы кездесті.

Сондай-ақ, діни делегация атыраулық студенттерге жанашыр кәсіпкерлер тарапынан берілген шәкіртақыларды табыстады. Студенттермен кездесу барысында бас имам Алтынбек Ұтысханұлы студенттерді жас маман атанғаннан кейін туған өлкеге келіп қызмет етуге шақырды.

«Аллаға шүкір, соңғы жылдары Атырау облысында мешіттер саны көбейді. Азаны бар ауылдар саны артты. Сонымен бірге, қайырымдылық мекемесі санатындағы Құран жаттау және сауат ашу орталықтары ашылды. Салаға білікті мамандар ауадай қажет. Дін саласындағы мамандарға мейілінше баспана беріліп, әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда» деді дас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Атырау облысынан Нұр-Мүбарак университетінде 80-ге жуық студент білім алып жатыр.