Үшқоңыр медресе колледжі күрделі жөндеуден өтті

Бүгінде «Үшқоңыр  медресе колледжі» мемлекетіміздегі діни кәсіби білім беріп, жаңа буын маман иелерін даярлайтын бірден бір киелі қара шаңырақтардың бірі. Кәсіптік білім беру саласында аз уақыт ішінде терең тарихқа ие бола білген, заманауи технологияны меңгерген, сапалы діни  мамандар даярлап келеді. Колледж «Исламтану» мамандығы бойынша мемлекеттік лицензияға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызметін жүзеге асырады. Колледждің басты мақсаты: Ұлт болашағын, ұлттық сананың тазалығын ойлайтын, ғылым-білім сүйер исламтанушылар, білімді имамдар және ұстаздар дайындау.

«Үшқоңыр  медресе колледжін»-де 2024-2025 оқу жылының алдында күрделі сыртқы және ішкі жөндеулер өтті. Атап айтқанда сыртқы медресе жұмыстарына – медресенің ескі 1300ш.м. шатыры ауысты. Орнына өндіруші «Ресейлік металл проф» компаниясының қалыңдығы 0,5 мм темір шатыры қапталды. Ішкі жұмыстарына - 220ш.м. жерге 120*60см болатын көлеміндегі ақ мраморлы кафель төселді, 2500ш.м. медресенің қабырғасы боялды. Атап айтқанда медресенің жатақханасы, сыныптар, коридорлар, кітапхана және т.б. бөлмелердің іші боялды. Жалпы демеушілердің көмегімен жұмсалған қаржы көлемі 14.315.800 теңге құрады.