
ҮШҚОҢЫР МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Рамазан айында ұйымдастырылған ұстаздар және студенттер арасында Құран хатым жарысы өткізілді.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Ақылбекұлы Көшеке, «Сәт» мешітінің бас имамы Сейтқалиев Серік қажы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Данияр Абдуссамад және колледж директоры Мади Серикович Таттибаев сөз сөйлеп, марапаттау рәсімін өткізді. Ұстаздар және шәкірттердің үздігі сынға түсетін додаға 280 адам қатысып, жалпы 495 Құран хатымы оқылды.
Құран хатым жарысының нәтижесінде жарыс жеңімпаздарына бас жүлде – ұмра қажылығына жолдаманы медресе колледжінің 2 курс студенті Жарас Абдурахим Нұрланұлы және медресе колледжінің арнайы пән ұстазы Сағид Абдуззаһир Али иеленді. Ал 1, 2, 3 орын жүлдегерлеріне сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.