«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ресми сайты іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет орталығының ресми сайты – janaza-qyzmet.kz іске қосылды.

Аталған сайтта жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты шариғатқа сай толыққанды ақпараттар жинақталған. Атап айтқанда, жаназа мен жерлеу қызметтері, шариғи үкімдер, рәсімдердің орындалу тәртібі, сұрақ-жауап бөлімі, орталықтың аймақтық филиалдары мен бөлімшелері туралы мәліметтер қолжетімді.

Сайттың негізгі мақсаты – еліміздегі діни рәсімдердің бірізділікпен орындалуын қамтамасыз ету, халыққа шариғатқа сай жаназа қызметтерін ұсыну және ақпараттық-танымдық бағытта кеңес беру.

«Qamqor-Sharapat» орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде қызмет көрсетіп, ел ішінде біртұтас діни тәжірибенің қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.

Айта кетейік, сайтта жаназа рәсімдеріне қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар, мәйітті жуу, кебіндеу, жерлеу, жаназа намазының тәртібі жайлы пайдалы материалдар және жаназаға қатысты пәтуалар да жарияланған.