БАС МҮФТИ ИНДОНЕЗИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мырзаны және Индонезия Халықтық Кеңесі Төрағасының орынбасары Хидаят Нур Вахид мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар діни ағарту, халал өнімдерді стандарттау, екі елдің Ғұламалар кеңестері арасындағы ынтымақтастық және білім саласындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Индонезия тарапы ҚМДБ-мен байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен ҚМДБ-ға, оның ішінде «Халал Даму» департаментіне 2025 жылдың 25-28 қыркүйегінде Джакарта қаласында өтетін Халал Индонезия халықаралық индустриялық ЭКСПО көрмесіне ресми шақырту жолданды.