АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Семей қаласында тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына арнайы барып, құттықтау лебізін жеткізді.

Кездесу барысында Зекет және қайырымдылық қорының Абай облыстық филиалы атынан ардагерлерге сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетейік, Семей қаласында бүгінде 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин және 99 жастағы ардагер, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Иван Шевцов ғибратты ғұмыр кешіп жатыр.