
2025-06-03
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздің барлық облыстық орталық мешіттерінде қасиетті Құран аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына дұға бағышталды.
Кеше Қасиетті жұма күні мешіт имамдары Құран хатым жасап, арнайы дұға жасады. Бұл шара – тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінде шейіт кеткен боздақтардың рухына тағзым ету ғана емес, ұлт жадын жаңғыртып, келер ұрпаққа өнеге болатын тағылымды іс.
Айта кетейік, Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде ресми түрде бекітілген.
Оқуға ұсынылады
Жаңалықтар
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ