ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты

Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған «Jas Keñes Sıylığı» тәуелсіз жастар сыйлығының ресми тұсаукесері өтті.

Шара аясында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланып, республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарының жетекшілері мен сарапшылары бас қосты.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай арнайы қатысып, дін мен руханият, жастар тәрбиесі бағытындағы бастамалар жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан жүзеге асырылып жатқан рухани-ағартушылық жобалар мен жастар арасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Айта кетейік, «Jas Keñes Sıylığı» – жастар бастамаларын қолдау, көшбасшыларды ынталандыру және мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлес қосқан белсенді жастарды марапаттау мақсатында тағайындалған тәуелсіз сыйлық болып табылады.