Үшқоңыр медресе колледжі түлектері қорытынды емтихан тапсырды

ҚМДб-ға қарасты Үшқоңыр медресе колледжінде 2024-2025 оқу жылын бітіруші түлектері маусым айының 24,25 күндері қорытынды емтиханын тапсырды.

Емтиханды комиссиясының төрағасы, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары – Серикбол Аршабаев, ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілі – Мадияр қажы Тағайбайұлы, медресе колледж директоры – Мади Таттибаев және медресе колледж ұстаздары қабылдады.

Сөз кезегінде комиссия төрағасы Серикбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Емтиханға 100-ге жуық студенттер қатысып, дәстүрлі түрде билет бойынша және комиссия мүшелерінің қосымша ауызша сұрақтары арқылы тапсырды. Түлектер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімдерін ортаға салып, емтиханды ойдағыдай тапсырып шықты.