
Үшқоңыр медресе колледжінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
Үшқоңыр медресе колледжінде 2025 жылғы бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.
Мерекелік рәсімге, Алматы облысы діни оқу-ағарту бағытының маманы - Сакен Еншібайұлы, Алматы облысы, Қарасай ауданыннын бас имамы – Жандосұлы Дәуренбек, Алматы облысы, Жамбыл ауданыннын бас имамы – Абдиисламұлы Бақыт, Үшқоңыр медресе колледжінің ұжымы, түлектер мен ата-аналары қатысты. Салтанатты мерекелік шараны колледж директоры Мади Серикович ашты. Ол түлектерге алғыс сөздерін айтып, зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі. Сонымен бірге, колледж басшысы үлкен өмірге қанат қағып отырған әрбір түлектің еліміздің рухани-мәдени, әлеуметтік өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосатындарына сенім білдірді. Өз сөзінен соң, бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстады.
Биылғы оқу жылында «Исламтану» мамандығы бойынша 80 студент бітірді. Ал 11 түлек үздік диплом иегері атанды. Салтанатты жиын соңы мәдени бағдарламаға ұласты.