Медресе шәкірттеріне халал тақырыбында семинар өтті

Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі мен Алматы облысындағы Үшқоңыр медресесінде шәкірттерге арналған «Халал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, медресе директорлары Құлмұхаммед Маханбет пен Мәди Серікұлы, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Оқапұлы және технолог Әселхан Сыдық қатысып, шәкірттерге халалдың мәні мен талаптары туралы ақпарат берді.

Семинар барысында халал ұғымының шариғаттағы орны, өнімдердің адалдығын қамтамасыз ету жолдары, еліміздегі халал индустриясының даму бағыты баяндалып, адал ас тұтынудың рухани және денсаулық тұрғысынан маңызын атап өтті.