«Мұнара ТВ» телеарнасының жаңа маусымына «Зекет және қайырымдылық қоры» қолдау көрсетті
Ағымдағы жылы «Мұнара ТВ» телеарнасының жаңа маусымының ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық қоры» тарапынан қолдау көрсетілді.
Қор демеушілігі аясында:
6 000 000 (алты миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінді;
«Мұнара» жазуы бар 100 дана футболка мен 100 дана бас киім (кепка) дайындалды;
Телеарна қызметкерлеріне азық-түлік және ет өнімдері табысталды.
Аталған қолдау телеарнаның шығармашылық қызметін жетілдіруге және ұжым мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
«Зекет және қайырымдылық қоры» қоғамда ізгілік, қайырымдылық және өзара қамқорлық құндылықтарын насихаттауды өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Алдағы уақытта да қор игі істерге бастамашы болып, әлеуметтік және рухани жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыратын болады.