Елордада имамдардың білімін арттыру семинары ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордадағы «Астана медресе-колледжі» ғимаратында имамдардың білімін арттыру семинары өтті.

Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысып, алдын ала бекітілген тақырыптар бойынша дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Имамдардың білімін арттыруға арналған мұндай семинарлар – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жыл сайын өтіп келе жатқан игі дәстүрдің жалғасы. Бұл бастама дін қызметкерлерінің заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне, білімін үздіксіз толықтырып отыруына зор мүмкіндік береді.