2026-01-21
Алматы облысының Дін істері басқармасы Үшқоңыр медресе колледжіне арнайы келді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Үшқоңыр медресе колледжі түрлі кезеңдерде әр-түрлі бағыт бойынша мемлекеттік тексерістерден өтіп отырады. Бүгінгі күнгі тексеріс Алматы облысының Дін істері басқармасы КР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасымен Үшқоңыр медресе колледжінің оқу бағдарламалары мен кітапхана қорларына сапалы әрі жан-жақты талдау жүргізу үшін келді. Аталған талдау шеңберінде кітапхана қорындағы кітаптардың жалпы саны, діни сараптамадан өткен әдебиеттер, олардың авторлары, сондай-ақ діни және зайырлы бағыттағы кітаптар тексерілді. Естеріңізге сала кетсек медресе колледждің кітапхана қорында 10361 кітап бар.