ШҚО: «Орамал-әйелдің сәні» атты рухани-танымдық іс-шара өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдіктің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орамал тақырыбына арналған «Орамал – әйелдің сәні» атты рухани-танымдық іс-шара өтті.

Бас имам орамалдың ар-ұят пен имандылықтың нышаны екеніне кеңінен тоқталып, оның мұсылман әйелінің әдебі мен рухани болмысын айқындайтын маңызды құндылық екенін жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы орамалға қатысты көзқарастар мен түрлі сауалдар талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуді әйел-қыздар секторының жетекшісі Айзат Амирханова жүргізіп, тақырып аясында тағылымды насихат айтты әрі жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында қатысушыларға рухани кеңестер беріліп, осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.