Алматы облысында Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен жарияланған «Ислам және адал қоғам жылы» аясында Алматы облысы бойынша қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.
Облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы аудан және қала бас имамдарының қатысуымен арнайы жиын өткізіп, алдағы қасиетті айда атқарылатын негізгі бағыттарды айқындады.
Жиында Рамазан айындағы рухани-ағартушылық, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүйелі жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Бас имам мешіттерде тарауық намазын жоғары деңгейде ұйымдастыруды, жамағатқа мазмұнды әрі тағылымды уағыз-насихат жүргізуді, әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмектерін үйлестіруді тапсырды.
Сонымен қатар жастар және әйел-қыздар жамағатымен жұмысты жандандыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардың алдын алу және діни сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысында бас имам қасиетті Рамазан айында халыққа сапалы діни қызмет көрсету, мешіттердің ұйымдастырушылық жұмыстарын жетілдіру және «Ислам және адал қоғам жылы» аясындағы жобаларды белсенді жүзеге асыру маңызды екенін айтты.