Бас мүфти медресе колледж директорын имам етіп тағайындады.
Таттибаев Мади Серикович 2026 жылдың 13 ақпанында ҚМДБ-ға қарасты Үшқоңыр медресе колледжінің директоры қызметін сақтай отырып, ҚМДБ-ның филиалы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы «Қарасай батыр» мешітіне имам болып тағайындалды. Жамағатқа жаңа имамды ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша Бас имамы М.Пірімқұлов таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Білімі:
Тайба халықаралық қазақ-араб колледжі (2002–2005)
«Нұр-Мүбарак» университеті – Исламтану (2006–2010)
«Нұр-Мүбарак» университеті – Дінтану магистрі (2010–2012)
Қосымша курстар:
Имамдардың білімін жетілдіру курсы, Түркия (2015)
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу курсы (2016)
Ағартушы имам курсы (2022)
Еңбек тәжірибесі:
Омар ибн әл-Хаттаб мешіті – наиб имам (2011–2017)
Райымбек батыр мешіті – бас имам (2017–2022)
Омар ибн әл-Хаттаб мешіті – наиб имам (2022)
Райымбек батыр мешіті – наиб имам (2022–2023)