2026-03-02
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен!
Құрметті ағайын, ардақты бауырлар!
Баршамызды қасиетті Рамазан айына жеткізген Аллаға шүкір. Сіздерді берекелі де кешірімі мол Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен жаңару айы. Бұл айда сабыр сақтап, нәпсіні тәрбиелеп, жүректі мейірімге толтырайық. Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу емес, көркем мінезді қалыптастыру.
Қасиетті айда әрбір сауап еселеніп жазылады. Жақсылық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетейік.
Ұстаған оразаларымыз, жасаған дұғаларымыз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық пен береке тілеймін.
Рамазан айы құтты болсын! Әмин 🤲🏻
Ізгі тілекпен, Үшқоңыр медресе колледжінің директоры Таттибаев Мади Серикович
Оқуға ұсынылады
Жаңалықтар
АМАЛ – ІЗГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ