РАНТ мүшесі медресе колледж студенттерімен кездесті

Алматы облысына арнайы іссапармен барған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Абдуали Үшқоңыр медресе колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиын барысында шәкірттеге білім алу, елге қызмет ету, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, дін мен дәстүр сабақтастығы, діни сауатты болудың маңыздылығы сынды тақырыптар сөз болды. Кездесуге жиналған шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мол мағлұмат алды. Дәріс өте қызықты һәм әсерлі өтті. Шәкірттер өздеріне мол тәжірибе алды.