2026-07-20
Құрметті талапкерлер!
Үшқоңыр медресе колледжіне қабылдау емтихандары басталады! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы қабылдау емтихандары 21–22 шілде күндері өтеді.
Емтихан төмендегі тәртіп бойынша ұйымдастырылады:
1. Қазақ тілі – аттестаттағы бағасы есепке алынады.
2. Шығармашылық емтихан 1 – кәсіби сөйлеу.
3. Шығармашылық емтихан 2 – жағдаяттық сұрақтарға жауап беру.
Биыл Үшқоңыр медресе-колледжіне оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлер саны 100-ден асты. Биылғы оқу жылына 50 мемлекеттік білім гранты бөлінген.
Барлық талапкерлерге қабылдау емтихандарынан сәтті өтіп, білім жолындағы мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз!