Наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжі ұжымымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздарымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы ұстаздық қызметтегі әдеп негіздері мен тәрбиенің маңыздылығы туралы айтып, бітіруші түлектердің жұмысқа баулуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ наиб мүфти «Үшқоңыр» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен арнайы кездесіп, оларға дәріс оқыды. Дәріс соңында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы шәкірттер үшін дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.