МӘДЕНИЕТ ПЕН ДІН

Бүгін Шамалған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Дін жастардың көзімен” атты танымдық кездесу кеші ұйымдастырылды.”Үшқоңыр медресе-колледжінің директорының орынбасары Ринат Сейтқалиұлы арнайы шақыртумен келіп,қатысушыларға тың ақпараттар беріліп,тәрбиелік мәні зор бейнежазбалар көрсетілді.Аталған шара Шамалған ауылындағы кәсіптік көпсалалы колледжінің студенттерімен өткізіліп, қатысушы студенттер мен ұстаздар көкейде жүрген сұрақтарымен,өз ойларымен бөлісті.Кешті Шамалған ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ернауан Айсулу жүргізіп баяндама оқыды.Кештің соңында Шамалған ауылындағы көпсалалы кәсіптік колледжінің директоры Гүлнар Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп, Рамазан айымен құттықтады.

Сөз соңында:
Мәдениетті құрайтын тіл, өнер, саз, сәулет, әдет ғұрып, салт, дәстүр, тарих, әдебиет, кәсібі, уақыты мен кеңістігі осы тілдік қор арқылы білу, тану, сезу, ұғыну, түсіну, түсіндіру, бағалау, жеткізу, әсер ету, оқу, тоқу, байланысу және т.б. қабаттарды қамтиды. Мәдениеттің мазмұнындағы діни сана да осы тіл арқылы ұлттың ұясына айналады.
Ұлт ұясы ол мәдениеттің мазмұнында сақталады. Кез келген мәдениеттің, ұлттың мәні оның діни санасы.