
2024-04-05
ҚМДБ-ның кадр бөлім меңгерушісі Үшқоңыр медресе колледжінде
Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Аманқұлов және діни білім және кадр даярлау бөлім меңгерушісінің орынбасары Аршабаев Серікбол Үшқоңыр медресе колледжіне іс-сапармен келді. Іс-сапар мақсаты медресе ұстаздарымен, шәкірттерімен және медресенің жалпы тыныс-тіршілігімен танысу.
Хасан Ташайұлы ұстаздармен арнайы кездесіп, келесі оқу жылын жаңа, бірегей оқу бағдарламасымен және жаңа жоспарлармен бастайтынын айтты. Салынып жатқан жаңа оқу корпусымен танысты.Ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тілеп, Қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Аллаһ Тағала Хасан Ташайұлына жаңа қызметін құтты да берекелі етуін нәсіп етсін!