2023-12-06
Қырғызстанда республикалық Құран жарысы өтіп жатыр
Қырғызстанда қарилар арасында республикалық Құран жарысы басталды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында хабарлады. Мүфтияттың айтуынша, жарыс Сауд Арабиясы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған. Қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша білімдерін ортаға салуда. Іріктеу кезеңіне 50-ден аса қари қатысты. Финал 7 желтоқсан күні ел астанасы Бішкекте "Имам әл-Сарахси" мешітінде өтеді.
Оқуға ұсынылады
Шетел жаңалықтары
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ ХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Шетел жаңалықтары
ТҮРКИЯДА БРАЙЛ ЖҮЙЕСІМЕН ҚҰРАН ОҚУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Шетел жаңалықтары
Мәскеуде Ислам дінінің қабылданғанына 1100 жыл толуына орай көрме өтуде