
Рамазан-2025: Қазақстандық студенттерге Рамазан қоржыны таратылды
Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Рамазан сыйы» жобасы аясында Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттеріне рамазан қоржыны таратылды.
Атап айтқанда Діни басқарманың Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы боулымен осы елдің бірнеше қаласында тұратын қазақстандық 100 студент отбасыға Рамазан қоржынын үлестірді.
Бұл игі іс қасиетті Рамазан айының берекесін сезіндіру, тағдырын біліммен байланыстырған жастарға рухани қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Қайырымдылық қорының өкілдері мұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, ҚМДБ 35 жыл ішінде ел игілігі үшін көптеген рухани, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның ішінде мұқтаж жандарға жәрдемдесу, білім алушыларға қолдау көрсету – басты бағыттардың бірі болып қала бермек.