2025-06-16
МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қасиетті Мекке қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен қажылық маусымын қорытындылауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қажылық маусымының қорытынды басқосуына наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері де қатысты. Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиа ұлы сапарға мұсылман қауымын бастап келген әр елдің Діни басқармаларына алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады.
Сондай-ақ іс-шара барысында қажылық маусымында әзірленген арнайы бейнеролик назарға ұсынылып, қажылық құлшылығын ұйымдастыруда оқ бойы озып шыққан елдерге жүлделі орындар берілді.
Оқуға ұсынылады
Шетел жаңалықтары
ТҮРКИЯДАҒЫ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫН 24 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТ ТӘМАМДАДЫ
Шетел жаңалықтары
Әл-Азхардағы қазақ студенттерінің рухани кездесу кеші өтті
Шетел жаңалықтары
«Халал даму» өкілдері халықаралық сертификатқа ие болды