
Түркия: Конья қаласында Қазақстандық студенттерге арналған Мәуліт жиыны ұйымдастырылды
Түркия Діни істер басқармасына қарасты Қонья қаласындағы Диянет академиясының Хасеки діни ихтисас орталығында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) арналған Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Рухани басқосуға Қонья діни ихтисас (мамандандыру) орталығында оқитын қазақстандық студенттер де арнайы қатысып, қасиетті Мәулітті ықыласпен тыңдады. Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан дастархан жайылып, қонақтарға тағам ұсынылды.
Жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемі мен жылы лебізі жеткізіліп, студенттерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жігер берер насихат айтылды. Жас дін мамандарына білім жолында табандылық таныту, рухани тәрбие мен ғылыми ізденіске мән беру сынды құнды кеңестер берілді.
Аталған шара – қазақ жастарының діни һәм рухани дамуына қолдау көрсетіп, бауырлас екі ел арасындағы білім және бауырластық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған. Айта кетейік, Мәуліт мерекесін атап өту Түркияның басқада қалалалында жалғасын таппақ.