Мысыр: Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай футбол турнирі өтті
Қазақстан Республикасының Каирдегі Елшілігі және ҚМДБ-ның Мысыр Араб Республикасындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Республика күні мен ҚМДБ-ның 35 жылдығына арналған футболдан ашық турнир өтті.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне ҚМДБ-дан екі айлық курсқа келген 14 имам қолдау көрсетіп, «Талаба» қауымдастығына демеушілік жасады. Жарысқа Елшілік қызметкерлері, курс имамдары, «Талаба» қауымдастығының өкілдері мен шәкірттері қатарынан құралған 10 команда қатысты.
Достық турнирінің мақсаты – шетелдегі қазақстандық жастарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіру, елдік рухты дәріптеу және ұлттық мерекенің мәнін айшықтау болды.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар ҚМДБ атынан қаржылай жүлде, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, Республика күні аясында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Әл-Азхар магистратурасында оқып жүрген қазақстандық студенттерге Өкілдік тарапынан Алғыс хаттар табысталды.