2025-12-29
Түркия: Коньяда университетаралық футбол турнирі өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлының ұйымдастыруымен Конья қаласында университет студенттері арасында футбол турнирі өткізілді.
Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып, жастар арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық рухты көтеру мақсаттарын көздеді.
Турнир барысында әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері өзара бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Іс-шара соңында ҚМДБ атынан арнайы дастархан жайылып, қатысушыларға ас берілді.
Бұл бастама жастардың бірлігін арттырып, рухани және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесімен есте қалды.
Оқуға ұсынылады
Шетел жаңалықтары
Конья төрінде қазақстандық студенттерге ауызашар берілді
Шетел жаңалықтары
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі ҚМДБ өкілін қабылдады
Шетел жаңалықтары
Мәскеу қаласында xv халал халықаралық конгресі өтуде