ОТБАСЫНДАҒЫ МЕЙІРІМДІЛІК – БАҚЫТҚА БАСТАР ЖОЛ

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдады. Бас мүфти 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. 

«Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Алла қаласа, осы жыл аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырамыз» деп атап өтті Бас мүфти.