Үшқоңыр медресе колледжі ұжымы: кәсіби шеберлікті шыңдаудағы жаңа белес

2025 ж. 13-23 қаңтар аралығында «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттілік» тақырыбы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған арнайы курсқа колледж ұжымынан 24 ұстаз қатысты.

Теориялық және тәжірибелік сабақтармен қатар курс спикерлері Саметова Ж. Х., Арзымбетова С. Ж. тыңдаушылармен бірге жасанды интеллект мүмкіндіктері, ХХІ-ғасыр дағдыларын жетілдіру (hard skills, soft skills, human skills, mobility skills, action research), мәдениетаралық байланыстарды нығайту және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізді. Курс соңында қорытынды тестілеу мен жоба қорғау рәсімі өткізіліп, ұлттық орталық атынан қатысушыларға салтанатты түрде сертификат табыс етілді.

Үшқоңыр медресе колледжі директоры Таттибаев М. С. және колледж ұжымы оқу бағдарламасын ұйымдастырушы «Өрлеу» орталығына, әрі спикерлерге алғыстарын айтып, осы сипаттағы бастамалардың алдағы уақытта өз жалғасын табатынына сенім білдірді.