Қазақстан өкілдері Түркия диянеті ұйымдастырған салтанатты ауызашарға қатысты
Түркия астанасы Анкара қаласында бауырлас екі елдің рухани байланысын нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Сафи Арпагуштың арнайы шақыруымен «Geleneksel Büyükelçiler iftar programı» (Дәстүрлі елшілер ауызашары) атты салтанатты ауызашарға қатысты.
Кездесу барысында Абдурашит Зиядинұлы Сафи Арпагушты жаңа қызметімен құттықтап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Жиын аясында тараптар бауырлас халықтар арасындағы діни-рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, қасиетті Рамазан айының берекесімен бөлісті.