Медресе студенттері халықаралық конференцияға қатысты

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 24-25 жұлдызында Алматы қаласында «БҰҰ моделі «MIS MUN-2022» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға әлемнің көптеген мемлекеттерінен оқушылар мен студенттер қатысты. Атап айтар болсақ, Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Баку, Ереван, Орал, Алматы және тағы да басқа әлем қалаларынан үміткерлер бақ сынады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрындық болуымен өтетін мұндай конференция бірнеше жылдардан бері жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы көтерген маңызды тақырыптары: «Жаһандық азаматтық: жас ұрпақтың таңдауы және жаңа сын-қатерлер». Әлемнің әр түкпірінен келген дарынды жастар соңғы уақытта әлемді дүр сілкіндірген қатерлі дерттің алдын алуға байланысты ғылыми жобаларын ұсынды. Осындай биік деңгейлі шараға еліміздегі колледждердің ішінен ең алғаш рет «Үшқоңыр медресе колледжінің» студенттері қатысты.

Жалпы, «БҰҰ моделі «MIS MUN-2022» конференциясы салмақты нақты мәселелерді талқылауға бағытталған: адам құқықтары, экономикалық, қоршаған орта, дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйымдастыру, ғылым және технологиялар жөніндегі  жұмысы ұсынылды. Конференция қазіргі заманның жаһандық проблемаларына жастардың назарын аудара отырып, халықаралық құқық және қауіпсіздік, мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы білімдерін кеңейте түсу. Медресе  студенттері Серік  Шұғыла,  Яхшилик  Рыскул, Абдикерим  Ажар халықты вакцинациялауға байланысты мәселелерді шешу, дәрі-дәрмектердің «қара нарығының» пайда болуын болдырмау мүмкіндігі тақырыбы аясында тақырыптарын қорғап жүлделі орындарға ие болды. Медресе колледж шәкірттерінің халықаралық деңгейдегі конференцияда биік орындарға қол жеткізуі колледж басшылығы мен ұстаздарының да жетістігі екені даусыз.

«БҰҰ моделі «MIS MUN-2022» конференциясы жас делегаттардың өзара қарым-қатынасын, сонымен қатар БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен байланыс аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұған дәлел – конференция  қонақтары мен қатысушыларының ұйымдастыру комитетіне келесі жылы кездесуге тілек білдірген алғыс сөздері.

Үшқоңыр медресе колледжінің баспасөз қызметі

 

 

Оқуға ұсынылады

Жастармен жұмыс
Жастармен жұмыс