«BILIM HACKATHON-2022» IT-байқауы басталды

Құрметті оқырмандар, «BILIM HACKATHON-2022» IT-байқауы есіңізде ме? Біз оның басталғанын және оған еліміздің әр өңірінен 107 команда тіркелгенін хабарлауға қуаныштымыз. Қатысушылар 3 миллион теңге жүлде қоры үшін таласады! Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздар 1,5 миллион теңге, екінші орын иегерлері - 1 000 000 теңге және үшінші орын үшін 500 000 теңге алады. Бірақ бұнымен шектелмей, ақшалай сыйлықтардан басқа, жүлдегер студенттер Daryn Оnline, BTS Education, EDUS, Mail.kz сияқты танымал қазақстандық IT-компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Байқау Astana IT-University базасында офлайн-форматта өтуде. Қатысушылар білім беру саласында цифрлық жобаларды құру бойынша жарысады. Министрлік сайысты білім және ғылым саласында жаңа IT-шешімдерді құруға бастамашылық ету және болашақ IT-мамандарды ынталандыру үшін жүргізеді. Көп жастардың тартылуы IT-жобаларға қызығушылықтың қаншалықты танытатынын көрсетеді. Студенттер өздерінің білім беру ұйымдарын таныстырады және үздіктердің үздігі атағына таласады. Хакатон дәстүрі бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде өз жобаларын әзірлеп, қазылар алқасына ұсынуы керек. Ең үздік әзірлемелер білім беру саласына енгізілетін болады. 27 наурызда байқау қорытындысы туралы жаңалықтарды күтіңіздер. Сол күні жеңімпаздарды марапаттау өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбук парақшасынан алынды.

Оқуға ұсынылады

Жастармен жұмыс
Жастармен жұмыс