КІШІ ДӘРЕТ СЫНДЫРҒАНДА СУМЕН ЖУУ МІНДЕТТІ МА?

Ислам шариғатының нәжіс ретінде қабыл еткен нәрселер денеге немесе киімге немесе намаз оқылатын жерге тисе, жуылып тазалануы қажет. Жуылмаған жағдайда құлшылықтың дұрыстығына кедергі болады. Осы нәжістер жеңіл және ауыр болып екіге бөлінеді. Ислам діні, құлшылықты, күнделікті өмірдің барлық тарапынан қарастыра келе тазалықтың негізіне сүйеген. Осы себепті фиқһ кітаптарымызда тазалықты ең бірінші бетке қойып, жан-жақты мәліметтер береді. Құран Кәрім тазалықтың маңызы және діндегі орны жайында сөз қозғай отырып, былай деп бұйырады:

يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ (1) قُمْ فَأَنْذِرْ (2) وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ (3) وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ (4) وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ (5) وَلَا تَمْنُنْ تَسْتَكْثِرُ (6

«Уа, бүркеніп алған жан (Мұхаммед) Тұр орныңнан! (Қауымыңды Алланың азабынан) сақтандыр!  Раббыңды ұлықта! Киіміңді таза ұста! Ластық атаулыдан аулақ бол! (Атқарған қызметіңді, істеген жақсылықтврынды) көпсінбе!» [1]

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ

«Шүбәсіз, Алла қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді» [2]

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде былай деген: «Тазалық иманның жартысы» [3]

Ислам шариғатында нәжіс нәрселердің тазалануына өте қатты мән берілген және оның тазалау жолына да жеңілдіктер жасалған. Енді кіші дәрет бұзылған жағдайда оны тазалау жолдарына келетін болсақ, тазалықтың негізісі сумен жуып тазалау. Алайда кіші дәрет бұзылған жағдайда міндетті түрде сумен жуып тазалау міндетті емес. Айша анамыздың (одан Алла разы болсын) риуаят етуі бойынша: «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кіші дәретін бұзды. Арт жағында су қабымен аяқта тосып тұрған Омар (одан Алла разы болсын) (суды ұсынған кезде), «Бұл не нәрсе әй Омар?» деді. «Тазалана тұрған суыңыз» деді. Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жауап ретінде, «Мен әр кіші дәретке отырғанымда суменен тазаланумен әмір етілмедім. Егер осылай істейтін болсам (үмбетіме әр дәрет бұзудан кейін) суменен тазалану сүннет болар еді.» [4]деді.

Қорыта келгенде кіші дәрет сындырғанда су арқылы тазалануға болады әрі кішкене таспен және арнайы жасалған әжетхана қағазы да жаармды. Бірақ көмір, сүйекпен тазалау – мәкрүһ болады.

 

 

 

 

 

                                                                    Абдыжапаров Сабит Ақылұлы       

                                                                 Алматы аймағының өкілдігінің

                                                                 пәтуаға жауапты маманы.

 

[1] «Муддәссир» сүресі, 1-6-аят

[2] «Бақара» сүресі, 222-аят

[3] Муслим - Тирмизи

[4] Әбу Дәуід, Тахаарт 22, Ибн Мәжә, Тахара 20, Ахмед бин Ханбал, VI, 95