Медреседен нәр алған тұлғалар

Медресе-руханиятқа толы тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы болып табылатын Алла Тағаланың нұры түскен қасиетті ілім шаңырағы.Медресе адамға ислами тәрбие беріп,Ұлы Алланы танытып,оның қасиетті кәләмін оқытып,әрбір адамға дұрыс өмір сүру жолын үйрететін қасиетті білім ордасы.

Осындай білім ордасынан сусындап,ислам дінінен нәр алған қазақтың ұлы ғұлама ғалымдары мен зиялы тұлғалары жетерлік.Солардың бірегейі А.Құнанбайұлы,

Сұлтанмахмұт Торайғыров,Мағжан Жұмабаев және бұданда басқа аты аталмаған қаншама тұлғаларымыз бар.

Бұл тұлғалардың әрқайсысы ең алдымен Ұлы Жаратушыны Иені танып барып ұлтқа адал қызмет етті.Намыс отын маздатып,қазақ халқының болашағы үшін аянбай күресті.

Олардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігі,адалдығы,турашылдығы мен намыс-

шылдығы медреседен алнған нәр іспетті,яғни бұл нәр адамзатты тура жолға жетелейтін,

руханият пен білімнің түп тамыры ислам дінінің дәйегі еді.Осындай исламның асыл нәрін

бойына сіңірген ұлы Абай атамыз әуелі ауылындағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да 1855  жылы  10жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресінде 3жыл оқиды.Дос-

жолдастарынан анағұрлым зерек болып,үздік шәкірт атанады.Ойлап қарасақ қазақ

зиялыларының көпшілігі асыл дініміз исламды терең ұстанып,діни сауатты болған.

Сол себептен де Абай өз шығармаларында  діни тақырыптарды қамтиды.Мысалы:

“Махаббатпен жаратқан адамзатты

 Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы осы деп әділетті.” – деген өлең жолдары оның діндар болғанының дәлелі болса керек.

Сондай-ақ Алаш зиялысы Сұлтанмахмұт Торайғыровта 13-жасынан Мұқан,Тортай,

Әбдірахман деген молдалардан дәріс алды.1912 –жылы Тройцкідегі Ахун Рахманқұли

Медресіне түседі,бірақ өкпе ауруының зардабынан тек бір жыл ғана оқып оқудан шығып

қалады.Жалпы Махмуттың тақуалығы туралы Жүсіпбек Аймауытов өзінің “Сұлтанмахмут Торайғыров” атты ғылыми-зерттеу мақаласында:"Қандай бейнет шекседе,жолына қандай бөгет тұрса да беттеген мақсатына жетпей тынбайтын Махмутта мінез бар.Махмут тақуа болды.Тұла бойы тұнған тұмар,мойнында тәспі,дұғалық,аузында-зікір,күн шықпай оқығаны намаз,заулатқаны-жасын”,ол дәретсіз жер баспайды; “қари болам”деп

Құранның 13 парасына дейін жаттап алды,сырлас жолдастарына:"күллі денем зікір айтқандай болады"деп жазғандығы оның бойында Аллаға деген махаббатын,тақуалығын,

Білімге деген құмарлығын көрсетеді.Ол өзі аш кедей,жастайынан жетім қалсада

Өзі ауруға шалдықса да еш жасымай,алға қойған мақсатына жету үшін жоқшылықта жүріп

Қазақ балаларының жағдайын ойлап,көкірек көздерін ашып,оларға білім нұрын шашады.

Бұл анау-мынау адамның ісі емес.Бұл құран мен сүннеттен нәр алып,Жаратушысын нағыз

толық таныған адамның ғана қолынан келетін іс.

Қазақ поэзиясының дүлдүлі,Алаш үкіметінің қайраткері,ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевта тұңғыш білімін медреседен алған.Ол ауыл молдасынан сауатын ашып,

1905-1910 жылдары Петропавлдағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы,мұсылман

Халықтарының азаттығы жолында  күрескен М.Бегишевтің ұйымдастырумен ашылған медреседе оқыды.Сосын 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде

білім алды.Жалпы 10-12 жыл оқыған. Мағжанның да әрбір өлеңінде Аллаға жақын болғанын білеміз.Мысалға:

 Зор қуаныш-қара түн өткеніне,

Алтын таңды ашық күн жеткеніне,

Қан аралас төгілген көп көз жасты

Тәңірі қабыл,мейірім ғып,еткеніне.

Ерік құсы қайта ұшып келгеніне,

Душар болмай дұшпанның мергеніне.

Қайта шықты батқан күн, нұр шашылды,

Мың шүкірлік Тәңірінің бергеніне!- деген өлең жолдарынан Жаратушысына деген махаббат пен сенімнің,тәуекелдің сондай-ақ  оның тұла бойындағы қайсарлығы,өз ұлтына деген жанашырлығы мен сүйіспеншілігі,Отанға деген ыстық сезімнің көрініс табуы 10-12 жыл бойы үздіксіз алынған діни білімнің әсері бойына әбден сіңгендігінен болар.

  Ойымды түйіндей келе айтқым келгені қазақтың көпшілік зиялы тұлғалары ең әуелі

Ұлы Жаратушыны танып құран мен сүннеттен сусындағаннан кейін ғана тарихи тұлғаға айналып отыр.Сонымен қатар олардың өне-бойындағы қажымас-қайрат,білімге деген құштарлық, парасатты пайымдары кемел адам шыңына жетеледі.Мүмкін осы себептенде

Алла Тағала оларды халықтың сүйіспеншілігіне бөлеп, мерейлерін үстем етті.