
РИЯ
Әр мұсылман үшін құлшылық амалдарының қабыл болуы аса маңызды. Ал кей жағдайда сол құлшылықтардың қабыл болмауына кедергі болатын өзіміз байқай бермейтін дүниелер бар. Соның бірі рия. Ендеше, осы рия мәселесіне тоқталып кетсек:
Анықтамасы: Рияшы яғни көрсетуші – адамдардың ілтипатына (мақтауына) іліну үшін бір істі көрсетіп істеу.
Алла тағала Құранда көрсету үшін істейтіндерді даттап былай дейді: «Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш. Олар намаздарын немқұрайды оқиды. Олар көрсету үшін оқиды»,— (Мағұн, 4-6).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жаман қылықты қайтарып Алладан риуаят еткен хадис қудусиде «Мен серік қосудан Баймын (мұқтаж емеспін), кімде-кім бір ісінде маған біреуді ортақ қосса, ол ортақ қосқанымен бірге, Мен одан пәкпін » Муслим.
Түрлері: Сөзбен көрсету
Алланы зікір етіп жатқанын адамдар көрсін деп ернін жыбырлату немесе «Тақуа» адам деп айтулары үшін әсерлі қылып уағыз – насихат айту немесе шарғи немесе дүниауи білімдерді ғалым екен деп айтулары үшін үйрену т.б.с.с.
Амалмен көрсету
Мысалы адамдардың көзінше намаз оқығанда Алладан қорқатынын көрсетуі немесе жұрт оны қолы ашық деп айтулары үшін дүние мүлкінен жұмсайтын- дар немесе ержүрек батыр деп айтулары үшін жауға кеудесін тосатындар т.б. с.с.
Міне бұл екеуі сыртқы рияға жатады.
Ал жасырын құпия риааға:
Бұл рияның түрі бойынша адам амалдарының жойылып не кеміп кету қауіпі бар. Сондықтанда оны үнемі бойынан іздеуі керек. Өйткені оны табу өте қиынға соғады. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) рияның бұл түрінен сақтану үшін мынадай дұғаны айтуымызды бұйырды: «Ей, Алла! Біліп тұрып Саған серік қосуымнан Өзің сақтай гөр! Білмегендерім үшін Сенен жарылқау тілеймін» (Ахмад)
Оның мысалдарынан:
- Кез келген құлшылықты атқару ауыр келеді, ал егер адамдар қарап тұрса
оны орындау жеңілдейді.
- Құлшылық қылып жатқанына адамдардың қарап тұрғанын қалау.
- Құлшылық қылғаның үшін адамдар дәрежеңді көтергенді қалауың, егер дәрежеңді көтермей қойса, жүрегіңе ауыр тиуі.
Ал кімде-кім Риядан қорқып кейбір құлшылықтың түрлерін орындамаса
Онда оған: Шайтанның тұзағына түсті, өйткені оның бар мақсаты пендені Аллаға құлшылық қылудан қайтару.
Адамдарды азғырып, тура жолдан тайдыруға күні мен түні терлеп жүрген тәжірбиесі мол шайтандар адамға әр қырынан келеді. Бірде ол лағынет дүниенің ісіне үлгермей жатқанда қайдағы құлшылық деп азғырса, енді бірде сен Алладан қорқатын тақуа құлсың, ендеше адамдардың көзінше құлшылығыңды атқарма дейді.
Мұндай жағдайда ниет еткен құлшылығын орындай беру керек. Мейлі ол оңаша не адамдардың көзінше болсын. Керісінше шайтанды ашуландыру үшін адамдардың көзінше құлшылыған күшейту жақсы. Сол кезде құлының құлшылығын арттырып жатқанын көріп еш мойнымайтынын
байқаған кезде өзінен-өзі азғыруын доғарады.
Ал кімде-кім құлшылығын біреуге үлгі болу үшін көрсетіп орындаса
Ол рия болып есептелмейді. Керсінше ол риямен күресушінің және адамдарды бір Аллаға құлшылық қылуға шақырушының сауабын алады.
Алайда, ондай адамға бұл ісін барша шын ықыласымен ниетінде тек Алланың ризалығы көзделіп, адамдардың жадында ол адамның кемшіліктері мен артықшылықтары бар болуы, және жасаған амалын жапан далада жұрттың көзінен алыс жерде жасағандай болу керек.
Ал кімде-кім қате-күнәләрін жасырса
Ол да рияға жатпайды. Өйткені, Алла тағала күнәларын жұртқа жаймай, жасырғандарды жақсы көреді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім бұл лас істерді жасап қойса, Алла тағаланың жасыруымен жасырсын» (Малик)
Ал кімде-кім бір құлшылықты атқаруға ниет етіп, кейін құлшылығына жәрдемші болу үшін ізгі адамдардың ортасына барып, ғибадат етуге ынта жігері артып жатса
Ол ісі де рия болып саналмайды. Бұл амалы Алла тағаланың Құранда: «Жақсылыққа және тақуалыққа жәрдемдесіңдер» деген сөзіне саяды (Мәйдә, 2). Мұнда тек жүректің пәктігі қадағаланады.
Рияның дәрежелері:
(1) Бірінші дәрежесі
- Орындайтын құлшылығында ешқандай да сауапты көздемейді. Оның мысалы адамдардың көзінше намаз оқиды, ал өзі жеке қалса оқымайды.
Міне бұл рияның ең жағымсыз төмен дәрежесі. Ондай адам Алланың жанында күнәһар болып табылады.
(2) Екінші дәрежесі:
- Амалын көрсету үшін жасағанымен, түбінде аз-маз сауапты көздейді. Оның мысалы оңаша қалса амалын атқармайтын тәрізді.
Бұл да дәрежесі жағынан біріншіге күнәсін қоса есептегенде өте жақын келеді.
(3) Үшінші дәрежесі.
- Атқарар амалының мақсатында рия мен сауапты тең дәрежеде көздеуі. Ол бұл ісімен үйді салып болған соң бұзып тастаған тәрізді. Алайда сауапты естен шығармағаны жөн. Бұған байланысты пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
Алладан риуаят еткен хадис қудусиде былай деген: « Мен серік қосудан Баймын (мұқтаж емеспін)» яғни, егер көрсетушінің сауап пен рия мақсатын бірдей ұстаса, онда ол үлкен күнәға душар болып, Аллаға ортақ қосушының күнәсына бара-бар болып табылады. Рия мақсаты басымырақ болса да, құлшылығында Алладан басқаға ортақ қосушының күнәсіндай болмайды. Өйткені, Алладан басқаға жалбарынып, құлшылық қылатындар тозақ отында мәңгі қалады. Ал, көрсетушілер егер істеген ісіне өкініп, кешірім сұрап, оған қайтып бармауға шешім қабылдаса, онда оның күнәсі кешіріледі.
(4) Төртінші дәрежесі:
- Адамдар қарап тұрса құлшылық қылу жеңіл келеді. Бірақ, қарамаған жағдайда оны тастамайды. Көпшіліктің ойы бойынша көздеген жақсылықтың сауабын толық алады, егер рия араласса сауабы кемиді.
Рияның үкімі
(1) Кімде-кім бір істі басынан аяғына дейін Алладан басқаға арнаған болса
-жасаған амалының барлығы жасамаған тәрізді зая кетіп, жоқ болады.. Амалынан тек қиыншылық пен күнәдан басқа ешнәрсе таппаған күнаһар болады.
(2) Кімде-кім істің басын Алла үшін баcтап, кейін рия араласпақшы болса
- Рия туғызған ойларды кетіре білсе, көздеген амалдың сауабына қосымша сауап алады.
- Ал егер рияға ерік беріп қойса, көпшіліктің ойы бойынша Алла үшін жасалған амалына сауап алып, көрсету үшін жасағаны жойылады және күнә жазылады.
(3) Кімде-кім істің басын Алла үшін баcтап, Алла үшін тоқтатса, алайда, оны біреуге естіртсе немесе адамдардың ол ісін білгенін қаласа
- Істеген ісіне дәрежесін көтеру үшін адамдарға айтып беру. Оған амалы жойылмайды бірақ бірте-бірте сауабы кемиді. Тіпті сауабы бітсе күнәсін көтереді.
- Біз енді оған егер артынша күнәсіна жарылқауын тілесе, сауабы азаймастан сол қалпында қалады деген үміт бар.
- Істеген ісін адамдар білуін қаласа, егер оны әдейі көрсету үшін немесе адамдардың алдында дәрежем өссін деп емес, тек Аллаһ тағала адамдардың көрін бұйырып, қабыл болуын ниет еткен болса, оған амалы жойылмайды және сауабы да кемімейді.
Бір күні пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ей Алланың елшісі! егер бір адам ізгі амал атқарып, сол үшін оны жұрт мақтаса қалай болады? деп сұрағанда ол: «Ол мүмін мұсылманға алдын ала хабарлап қойған сүйінші» (Муслим).
Рияны емдеу
Кез келген жүрек аурулары білім және амал арқылы емделеді.
(1) Білім
Көрсетуші рияның қаншалықты зиян екенін, қияметте азабы не болатынын және дүниенің өзінде адамдардың ілтипатына бөлену үшін, түрлі уайымдарға душар болатынын білу. Өйткені, адамдардың разылығына жету өте қиын, бірін разы қылса екіншісі өкпелейді. Разы болған адамның өзі ертеңгі күні қабақ шытпайтынына кепілдік жоқ.
Ендеше, бұл нәрселерді жақсы білген адам ешқашан амалын рия-көрсету үшін жасауға ынтық болмайды.
(2) Амал
Мұсылман адам рияны емдеу үшін бірнеше іскерлік әдістемелер жасау керек, мысалы:
-Рияға апаратын ойларды кетіру жолының бірі, әуелі, ол нәрсе үшін Алладан пана тілеу керек, кері жағдайда оның соңы жаман болатынын естен шығармау қажет.
- Амалын барынша жасыруға және болған соң оны ешкімге естіртпеуге тырысу керек. Бұл нәрсе басында нәпсіге қиынға соғады. Бірақ, өзін біраз уақыт бойы сабырмен ноқталаса, Алла тағала оған қашанда бұл ісіне жәрдемші болады. Алла тағала «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді» — деген (Рағыд, 11).
Ендеше, Алла баршамызға құлшылықтарымызды құлшына әрі риясыз атқаруымызды нәсіп етсін!
Үшқоңыр медресе колледжінің
директоры Абзал Әміров