
КІШІ ДӘРЕТ СЫНДЫРҒАНДА СУМЕН ЖУУ МІНДЕТТІ МА?
КІШІ ДӘРЕТ СЫНДЫРҒАНДА СУМЕН ЖУУ МІНДЕТТІ МА?
Ислам шариғатының нәжіс ретінде қабыл еткен нәрселер денеге немесе киімге немесе намаз оқылатын жерге тисе, жуылып тазалануы қажет. Жуылмаған жағдайда құлшылықтың дұрыстығына кедергі болады. Осы нәжістер жеңіл және ауыр болып екіге бөлінеді. Ислам діні, құлшылықты, күнделікті өмірдің барлық тарапынан қарастыра келе тазалықтың негізіне сүйеген. Осы себепті фиқһ кітаптарымызда тазалықты ең бірінші бетке қойып, жан-жақты мәліметтер береді. Құран Кәрім тазалықтың маңызына және діндегі орны жайында сөз қозғай отырып, былай делінеді:
«Уа, жамылғыға бүркенген (елшім) тұр, (ел-жұртқа ескерт! Раббыңның теңдессіз, шексіз ұлылығын жария ет! Киіміңді тазарт! Ластық атаулыдан аулақ бол! (Атқарған қызметіңді, істеген жақсылықтврынды) көп көріп, міндетсінбе!»
«Шүбәсіз, Алла қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді»
Дұға – тілектердің қабыл болуының алғы шарты шынайы ықыласпен жасалуы, белгілі бір мөлшерде оқылуы шарт емес. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
هُوَ الْحَيُّ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ فَادْعُوهُ مُخْلِص۪ينَ لَهُ الدّ۪ينَۜ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
«Ол Хай (басы мен ақыры болмаған мәңгілік тіршілік иесі). Одан басқа құдай жоқ! Ендеше, осынау хақ дінді шын жүректен қабылдап, бар ықыластарыңмен Оған ғана жалбарыныңдар! Бар мадақ пен шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы Аллаға тән!»1
Қандай да бір дұғаның 1045 рет немесе белгілі бір уақыттарда оқылуы шарт болмағандығы сияқты оқылған жағдайда да, қабыл болатындығы жайында бір аят және хадис табылмауда. Адамның бір қалауының орындалуын Алла Тағаладан сұрамастан алдын, екі ракағат намаз оқуы, Алла Тағалаға мадақ айтып, Пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуы, дұға етуден алдын тәубе етіп, күнәсіна кешірім сұрауы кеңес беріледі.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде былай деп үйреткен: «Әлдекімнің Алладан тілейтін немесе адам баласынан сұрайтын бір қажеті болса, (алдымен) жақсылап дәрет алсын содан кейін екі ракағат намаз оқысын. Одан кейін Аллаға хамд, сәнә, (мадақ пен мақтау) Пайғамбарға салауат айтсын....»2
Абдыжапаров Сабит Ақылұлы
«Үшқоңыр медресе колледжінің»
арнайы пән мұғалімі.
1 «Ғафир» сүресі, 65-аят
2 Ибн Мәжә, Иқомәту Соләһ, 189 баб